Sport

БАҚ Лига чемпионаты

«Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттерінің 30 жылдығы аясында өтті.

Журналистер көпшілік үшін қолында қаламы мен микрофонын ұстаған мамандар ғана болып көрінетіні анық. Ал шын мәнінде сол журналистер жан-жақты болатынын, өнер мен спортқа да ерекше қабілетті екенін ескере қоймайды. Биыл жетінші рет ұйымдастырылған БАҚ Лига чемпионаты осы сөзіміздің дәлелі десек қателеспейміз.

БАҚ Лига чемпионаты жыл сайын екі рет журналистердің басын қосатын тартысты да қызықты бәсекеге айналды.

Биылғы чемпионат «ELORDA AQPARAT» ЖШС қолдауымен ұйымдастырылып, жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, үздік ойыншыларға сыйлықтар тағайындалды. Үш айға созылған жарыстың қорытындысында, «А» лигасында «Хабар» – жеңімпаз, «Қазақ радиолары» – күміс жүлдегер, «Астана ТВ» командасы қола медаль еншіледі.

Ал бұған дейін БАҚ Лига чемпионатының «В» лигасында чемпион болған, «А» лигасында күміс пен қола жүлдегер атанған «Elorda Aqparat» командасы екінші орын үшін «Хабар 24» командасымен кездесіп, «елордалықтар» 7:2 есебімен жеңіске жетіп, күміс жүлдегер атанды. Бас жүлдені чемпионатқа бірінші рет қосылған Қорғаныс министрлігінің «ДИК МО» командасы иеленді. БАҚ Лига чемпионатының үздік ойыншылары қатарында Елтай Нұрғазин мен Аян Бекжанұлы секілді әріптестеріміздің аталғаны «Elorda Aqparat» ұжымы үшін мақтаныш болғаны сөзсіз.

Чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін атақты футболшы, Қазақстан ұлттық құрамасының және «Астана» футбол командасының экс-капитаны Қайрат Нұрдәулетов пен «Elorda Aqparat» ЖШС компаниясының директоры Жарқын Жұмаділов марапаттады.
Сонымен, үш айға жалғасқан БАҚ Лига чемпионатының бірінші маусымы да мәресіне жетті. Ал жазғы жарыс COVID-19 жағдайына байланысты өтпей қалды. Ең бастысы, журналистер бәсекесі жалғаса берсін демекпіз.

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button