Sport

«Барыс» жаңа маусымға дайын

Астананың «Барыс» хоккей клубы маусым басталардан алдын көпшілікке жаңарған құрамын ресми түрде таныстырды.

Жиналған қауым клуб президенті Борис Иванищевті, жаңа тағайындалған бас бапкер Андрей Скабелканы және араға жыл салып қайта оралған команда көшбасшысы Брэндон Боченскиді зор қошемет көрсетіп қарсы алды.
Сонымен қатар, қақпашы Доминка Граховин, шабуылшылар Кертис Волк, Андре Петерссон және Патрис Кормье секілді команда сапына енді қосылған ойыншыларды таныстырды.
– Алдағы маусымда жанкүйерлердің қалың қолдауын күтеміз. Жақсы ойын көрсетуге тырысамыз. Команда қайта жасақталып жатыр, жаңа құрам деуге де болады. Былтыр жіберген шайбалар бо­йынша 25-орында болды. Сондықтан қорғанысқа қатты көңіл бөлу керектігі түсінікті, – дейді Андрей Скабелка.
«Барыс» маусымашар матчын 9 тамыз күні ҚР Президенті Кубогы аясында Хабаровсктің «Амур» командасына қарсы өткізеді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button