Басты ақпарат

Бас қала басылымына – «Нұр сұңқар»

Тәуелсіздіктің елең-алаңында ақпарат айдынына қанат қағып, ел жүрегі – елорда шежіресіне айналған «Astana aqshamy» газеті «Нұр Отан» партия­сының Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай тағайындаған «Нұр сұңқар-2018» сыйлығын иеленді. Басылым «Астанаға 20 жыл» аталымында топ жарды.

«Осы жылдың басынан бері басы­лым Астананың 20 жылдығына арнап бірнеше айдар ашты. Соның ішінде елорданың дамуына үлес қосқан тұлғалармен сұхбаттар, «20 ғажайып ғимарат» айдарлары бар. 1998 жылдан осы күнге дейін бас шаһар шежіресін жарияладық. Бұл жұмыс әлі де жалғасады. Алдымызда тағы жарқын жобалар болады» деді «Elorda Aqparat» ЖШС директоры Қайсар Жұмабайұлы сыйлықты Астана әкімінің бұрынғы орынбасары, белгілі композитор, елорда мәдениетінің дамуына ерен еңбек сіңірген Төлеген Мұхамеджанов­тың қолынан ала тұрып.

Жалпы, биылғы байқау комиссиясы жеңімпаздарды 10 аталым бойынша анықтады. Осы жолы 800-ден астам жұмыс келіп түсті. Осыны атап өткен «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев журналистерді кәсіби мерекемен құттықтады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button