Жаңалықтар

Батырдың аты-жөні неге толық емес?!

Нұр-Сұлтан қаласында Ұлы Отан соғысында ерлік­пен қаза тапқан, «Шығыстың қос жұлдызы» атанып кеткен Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметоваға арналып қойылған ескерткіш тұр. Екеуі де Жеңіс даң­ғы­лының бойында орналасқан. Екеуі де көз тартады.

Айтайын дегенім, екі ескерткіште де Кеңес Одағының батыры атағының белгісі көрсетілген, оның астында «ӘЛИЯ» және «МАNSHUK» деп жазылған. Болды, басқа мәлімет жоқ.
Танысымның әңгімесінен: «Жа­қында ел жақтан қонақтар келіп еді. Бала-шағасын ертіп қаланы қыдыртуға шықтық. Жеңіс даңғылындағы Мәншүк ескерткіші жанында аялдап тұрғанда 8 жастағы қыз бала «Мынада не жазылған? Кімнің ескерткіші?» деп тақылдап сұрай жөнелді. Әкесі екеуміз қосылып Мәншүк Мәметова туралы білгенімізді айтып жатырмыз. Бала бәрібір түсіне қоймады. Содан біраздан кейін барып «Аа, соғыста батыр болған Мәншүк Мәметова ма?!» деп қуана айтты. «Неге фамилиясын жазбаған?» деп тағы да қойып қалды. Досым екеуміз «Шынымен де аты-жөндері неге толық жазылмады екен» деп ойланып қалдық» деді танысым маған сұраулы кейіппен.
Әлия ескерткішінде де тура осылай жазылған екен. Бала демекші, шетелдік қонақтар да бұл қай Әлия, бұл қай Мәншүк деп сұрап қалмасына кім кепіл? Рақымжан Қошқарбаев, Бауыржан Момышұлы секілді толық неге жазылмады екен деп мен де ойланып жүрмін…

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button