Жаңалықтар

Бостандыққа шыққандарға жәрдем берiледi

Қала әкiмдiгiнде қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудiң өзге де шараларын атқаратын мекемелердiң қызметiне жәрдемдесу жөнiндегi кеңестiң отырысы өттi.

Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi департаментi бастығының мiндетiн атқарушы Ермекбай Қожахметовтың айтуынша, бүгiнгi таңда бұл бағытта атқарылып жатқан шаруа аз емес. Дегенмен, алда тұрған мiндеттер де жетерлiк. Осыған орай, жиын барысында аталмыш кеңестiң үстiмiздегi жылға бекiтiлген жұмыс жоспарын орындау, орын алған проблемаларды қарастыру және оларды шешудiң жолдары талқыланды.
Бас бостандығынан айрылғандардың түзету мекемелерiнен шыққаннан кейiн көп қиындықтарға тап болатыны белгiлi. Жергiлiктi атқарушы органдар тарапынан оларға барлық көмектер көрсетiлуде. Бұл ретте Ас-тана қаласы денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Серiк Аяғанов елордамыздағы №1 және №2 ауруханалардың жағдайына тоқталса, қалалық жол полициясы басқармасының бас маманы Серiк Жол-дасбеков түзету мекемелерiнiң маңындағы тиiстi жерлерге жол белгiлерiнiң орнатылғанын айтты.
Әдiлет департаментiнiң бас маманы Зура Жақиянова алдағы уақытта түзету мекемелерiне департамент қызметкерлерiн қоса тәртiптiк қорғау органдары өкiлдерiмен қоса шақыртуды, сондай-ақ кездесулердi ұйымдас-тыру барысында адвокат, нотариус, АХАЖ бөлiмдерi мен жылжымайтын мүлiк қызметкерлерiнiң жалпылама ғана емес, жеке де қабылдауларын өткiзу мүмкiндiгiн қарастыруды ұсынды.
Қалалық кеңестiң отырысына денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар, кәсiпкерлiк және өнеркәсiп, мәдениет басқармаларының өкiлдерi де қатысты. Олар қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудiң өзге де шараларын атқаратын мекемелердiң қызметiне жәрдемдесу, түзеу мекемелерiнiң базасын материалдық-техникалық жағынан нығайту, сотталғандарды қоғамдық қорғау мен бостандыққа шыққан азаматтарды еңбекке орналастыру мақсатында қаламызда атқарылып жатқан шараларға тоқталды.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button