Sport

БҮГІН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛАДЫ

Төрткүл  дүние бүгіннен бастап Астанаға  назар аударады.  «Барыс – Арена» спорт сарайында әйелдер арасындағы әлем чемпионаты басталады.

Байрақты бәсекеде 64 елдің боксшылары қолғап түйістіретін болып отыр. Шаршы алаңда 300-ге жуық спортшы шеберлігін көрсетеді. Он салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпиондары мен жүлдегерлері анықталады.

Осы жарыстың ең басты ерекшелігі – үш салмақ дәрежесі бойынша биыл Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына лицензия берілетін болады. Атап айтқанда, 51, 60 және 75 келіге дейінгі салмақтар бойынша 12 жолдама үлестіріледі.

Дүбірлі додаға Қазақстан құрамасынан 10 боксшы қатысады.

Бүгін сағат 18.00-де әлем чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Жанкүйерлер үшін кіру тегін.

                                                                                      Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button