БілімЖаңалықтарҚоғам

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР –ҰЛТ БАЙЛЫҒЫ

kbb_4031

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев елорданың ең дарынды оқушыларымен жүздесіп, олардың үздік деп танылған инновациялық жобаларымен танысты. 

Елорда басшысымен кездесуге өз қатарының ғана емес, республикалық және шет елде өткен білім бәйгелерінде жоғары жетістікке жеткен жүйріктер жиналды.
– Сіздерді алда келе жатқан Тәуелсіздіктің мерейлі мере­кесімен құттықтаймын, – деп сөз бастаған Астана басшысы бас қаладағы білім беру саласының жетістіктері жайында әңгімеледі.
– Бүгінгі таңда елорда мек­тептерінде 129 мың бала білім алады. Соның ішінде 67 мың оқушы түрлі шараларға қаты­сып, өздерінің білім деңгей­лері мен қабілеттерін жақсы жетістіктермен көр­сетіп жүр.
Әрине, бұл – қуа­нар­­лық жағдай. Өйткені бала­лардың дені – өз білімдерін же­тілдіруге жұмыс істейді деген сөз. Біздің оқу­шылар 10 жыл қатарынан рес­пуб­­ликалық олимпиадаларда «Үздік команда» атағын бермей келеді. Бұл – өте жақсы көрсеткіш, – деді Әсет Исекешев.
Жалпы, елордадағы білім беру саласында іске асып жат­қан көптеген игі шараларды ауыз толтырып айтуға болады.
Биыл қалалық 324 оқушы ха­лық­аралық олимпиада мен бай­қауларға, ғылыми жобаларға қатысып, 267 медальмен ма­ра­­патталған. Өткен жылы ел­ордадағы №3 және №15 мектептерде «смарт-мектеп» жобасы іске асырылды. Алдағы жылы «электрондық күн­де­лік» жобасы жүзеге аспақ. Ол мектеп оқушыларын ауыр сөмке көтеруден арылтып, ата-аналардың оқу үдерісіне қатысуына мүмкіндік береді. Қала әкімі егемендік алғаннан бері еліміздегі білім беру саласында көптеген жақсы бағ­дарламалар қабылданғанын айтты. Бүгінде оқимын деген жастарға жол ашық, шетелде, зияткерлік мектептерде білім алуға, ғылыммен айналысуға барлық жағдай жасалған. Сон­дықтан жас құрақтай жел­кілдеп өсіп келе жатқан жаңа ұрпақ алғыр, білімді, олардың болашағынан көп үміт күтуге болады деген ізгі лебізін білдірді.
Еркін пікірталас форматында өткен кездесуде жеткіншектер де өз ойларын ортаға салып, алдағы жоспарларымен бөлісті. «Нұр Орда» мектебінің оқушылары робототехника саласындағы жетістіктерін көрсетті. 8-сынып оқушылары түс гаммаларын сұрыптайтын роботтарды және екі минутта кубик жинайтын робот жасап шығарған. №75 мектеп-гим­назияның 9-сынып оқу­шысы Самат Кәмілжанның жобасы да ерекше, ол қоқыс өңдейтін шағын зауыт жасаған. Тоғыз жасында әлемнің 52 елінен 12 мың адам қатысқан Нью-Делидегі ментальді ариф­мети­кадан өткен жарыс­та жеңімпаз атанған, бүгінде онға толған «Калькулятор бала» Ілияс Тоқ­тарханның таланты елорда басшысын таң­қалдырды. Ол Әсет Өрентайұлының қойған есеп сұрақтарына дәл жауап беріп, дән риза етті.
Осындай дарынды оқу­шылардың өнерін тыңдап болғаннан кейін Астана әкімі сөзін одан әрі жалғады.
– Жаңа көрмеде робототехника бо­йынша қызықты жұмыстарды көріп,
риза болдым. Біздің оқушылар идея­лардың ерекшелігі жөнінен студент­тердің келесі буынын басып озды.
Маған үздік интел­лектуалдық жобаларды ынталандыру керек деген ой келді. Әкімдік ин­новациялар саласындағы үздік жұмыс­тарға грант түрінде 10 млн теңге бөлетін болады, – деді ол.
Одан кейін елорда басшысы ал­­дағы жылы білім беру саласында іске асатын жобалар туралы айтты. «Біз келесі жылы 10 инновациялық мектеп ашуды жоспарлап отырмыз. Кә­сіпкерлермен, ұлттық компаниялармен бірлесіп, бұл мектептерде белгілі бір ма­мандықтарды қолдайтын боламыз. Мысалы, ол роботты техника немесе ақпараттық технология, не химия болуы мүмкін» деді Әсет Исекешев.
Әкімнің айтуынша, елордалық екі мектеп «Қазато­мөнеркәсіп» АҚ-мен осындай уағдаластыққа қол жеткізген. Сонымен бірге, Астана оқушыларының ғылыми, өнертапқыштық қабілеттерін одан әрі дамыту мақсатында Назарбаев университеті мен басқа да жоғары оқу орындары арасында келісім жасалған.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button