Жаңалықтар

Депутаттардың ауданға тартуы

Кеше Астана қалалық мәслихаты депутаттарының бастамасымен қаланың жаңадан құрылған Байқоңыр ауданында енді «Депутаттар аллеясы» деп аталатын аумаққа ағаш отырғызылды. Бұл – VI шақырылымдағы мәслихат депутаттарының Астананың 20 жылдығына орай аталмыш ауданға жасаған сыйлығы.

150-ден астам шырша отырғызылған шараға қалалық мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов бастаған депутаттар, мәслихат аппараты, Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Қаналимов пен аталмыш әкімдік басшылығы, қаладағы жоғары және арнау­лы орта оқу орындарының студенттері қатысты.
«Астананың мерейлі мерекесі қарсаңында сү­йікті қаламызға, жаңадан құрылған ауданға тарту жасадық. Депутаттар отырғызған шыршалар енді жаңа ауданмен бірге өсіп, жайқалатын болады. Мұның осындай символдық мәні бар. Екінші жағынан, еккен ағаштарымыз шаһардың көркіне көрік қосып қана қоймай, экологиясын да жақсартады. Жалпы, экология мәселесі – мәслихат депутаттарының жіті назарында. Бұл мәселеге ешқашан бейжай қараған емеспіз, оның жақсаруына қолдан келгенше үлес қосу міндетіміз деп ойлаймын. Осы шара бір жағынан естелік, жастарға үлгі болады» деді Жанат Нұрпейісов.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button