SportЖаңалықтар

Дзюдо дүлдүлдері

Ақтөбеде дзюдодан Қазақстан чемпионаты қорытындыланды. Бұған еліміздің 16 командасынан 400 спортшы қатысты.

Бәсекенің ең соңғы күні ерлер 90, 100 және 100-ден жоғары келілерде белдессе, әйелдер 78 және 78-ден жоғары келі салмақта сынға түсті.
Сонымен әйелдерден 78 келіде алтын – Альбина Амангелдиева (ОҚО); күміс – Зарина Райфова (Алматы); қола жүлде – Назерке Тілеуханова (ШҚО) және Назгүл Маратова (СҚО).
Ал +78 келіде алтын – Гүлжан Исанова (ШҚО); күміс – Саида Капсалякова (Атырау облысы); қола медаль – Камила Берлікаш (Алматы облысы) және Зарина Абдрасулова (ОҚО).
Ерлерден 90 келі салмақта алтын – Дәулетхан Жақыпов (Жамбыл облысы); күміс – Айбол Айтбек (Жамбыл облысы); қола – Әділет Миссин (Ақтөбе облысы) және Сұңғат Закарияев (Атырау облысы).
100 келі: алтын – Виктор Демяненько (Алматы); күміс – Әділхан Қозыбаев (Қызыл­орда облысы); қола медаль – Нұрым Сәлімгереев Қызыл­орда облысы) және Мұхаметханов Жасұлан (ШҚО).
+100 келі: алтын – Санжар Жаббаров (Қарағанды облысы); күміс – Талғат Әмренов (ШҚО); қола – Ақжігіт Оралов (Қарағанды облысы).

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button