ДенсаулықЖаңалықтарҚала тіршілігі

Егу пункттері тексерілді

Елордада медициналық мекемелердің Pfizer вакцинациясын жүргізуге дайындығы тексерілді.

[smartslider3 slider=544]

Қаланың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірлесіп, жүкті әйелдер мен жасөспірімдерді вакцинациялауға егу пункттерінің жан-жақты дайындығын қадағалады. Олар сонымен қатар вакцинацияның таралу аймақтарын тексерді. Ересектер мен жүкті әйелдердің санын шектеу мақсатында басқарма жүкті әйелдерге вакцинация кестесін құруды, яғни осы санаттағы адамдарды вакцинацияға жеке-жеке шақыруды жоспарлап отыр. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы жүкті әйелдер мен балаларды вакцинациялауды қатаң медициналық ұйымдарда, яғни БМСК ұйымдары жанындағы вакцинация пункттерінде ғана жүргізу жоспарланғанын атап өтті.
«Жүкті әйелдер мен балаларды вакцинациялау үшін қауіпсіз және қолайлы орта құру маңызды. Жүктілік денсаулық жағдайына жатады, онда COVID-19-дың ауыр түрі пайда болу қаупі жоғарылайды және вакцинация ұсынылады, ал емізетін аналар вакцинациядан кейін де балаларын тамақтандыруды жалғастыра алады. Бәрі ойдағыдай өтуі үшін вакцинация­ның барлық пункттері екпе жүргізу басталмас бұрын тексеріледі» дейді басқарманың Ана мен бала денсау­лығын қорғау бөлімінің басшысы Әйгерім Лебаева.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button