Қала мен СалаҚала тіршілігі

Экологияны жақсартады

Елорданы газдандыру жобасы тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасаумен бірге қала экологиясының жақсара түсуіне де ықпал етпек. Қала маңындағы тұрғын алаптары мен жылу тарату кешендерін газдандыру нәтижесінде ауаға шығатын зиянды қалдықтарды жылына 40 мың тоннаға дейін азаяды. Сонымен бірге көмірден улану, газ баллондарын қолданудан болатын төтенше жағдайдан сақтайды.
Бүгінге дейін газдандырылған тұрғын алаптарындағы 15 мың тұрғынға көгілдір отынды қауіпсіз пайдалану ережелері түсіндіріліп, 3500-нан астам техникалық шарт жасалды. Сондай-ақ 895 абонент газға қосылды.
Жалпы елорданы газдандыру жобасының алғашқы кезеңі 2019 жылдың күзінде басталып, 2 жылда 9 газ жіберу кешені пайдалануға берілді. Қазір 5 кешен «ҚазТрансГаз­Аймақ» акционерлік қоғамының желісіне қосылып, оларға газ жіберілді.
«Агроқалашық» тұрғын алабында 80 шақырым, ал «Промышленный» тұрғын алабы мен «Оңтүстік-шығыс» тұрғын алабының оң жақ бөлігінде 96 шақырым газ құбыры тартылған.  Сол секілді «Оңтүстік-шығыс» тұрғын алабының сол жақ бөлігінде тартылған газ құбырының ұзындығы 89,1 шақырымды құрайды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button