Жаңалықтар

ЭКСПО аумағындағы пәтерлер сатылады

«Бәйтерек» холдингі АҚ еншілес ұйымы «Байтерек девелопмент» Астана қаласындағы ЭКСПО аумағында орналасқан тұрғын үйлерді өткізе бастайды. Пәтерлер мен көлік тұрақтары саты­лымға нарық жағдайында шығарылады.

Айта кетейік, 2016 жылы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырыл­ған көрмесін өткізу уақытында шетел делегациясына арнап 42 тұр­ғын үй бой көтерген еді. «Жылжымайтын мүлік нысандары Ұлттық қор мен жобалау компанияларының инвестициясына салынды. Мемлекеттің тұрғын үйге бөлінген қаржыны қайтару, нарықта жылжымайтын мүлікті сату арқылы болады» деп ха­бар­лады «Бәйтерек девелопмент» АҚ басқарма төрағасының орынбасары А.Усербаев.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button