Саясат

Елді елең еткізген

ОРЫС-ҚЫТАЙ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ НЕНІ МЕҢЗЕЙДІ?

Ресей Қытаймен бірге «Восток-2018» жаттығуын жүргізу арқылы НАТО-ға әскери күштерінің әле­уетін көрсетпек. Тамызда басталған «Восток-2018» стратегиялық жаттығулары қыркүйекте Сібір мен Қиыр Шығыста өткізіледі. Оған Қытай мен Моңғолияның да қарулы күштері қатыспақ.

Бұл маневрлер саясаткерлер тарапынан Екінші Дүниежүзілік соғыстың ең ірі операцияларымен салыстырылуда. Сарапшылардың пікірі бойынша, мұндай кең ауқымды жаттығулар Ресейге әлемге күшті сигнал жіберіп, Вашингтонға Мәскеу мен Пекин арасындағы тығыз әскери ынтымақтастықтың бекігенін түсіндіру үшін қажет.
Сонымен қатар, Ресей мен Қытай 11-13 қыркүйек аралығында аймақтағы төртінші Шығыс экономикалық форумын өткізуді де жоспарлап отыр. Орыс аралындағы Қиыр Шығыс федералды университетінің кампусында өтетін форумда бірқатар экономикалық келісімдерге қол қойылмақ. Бұл Мәскеу мен Пекиннің экономикалық салада да жақсы қарым-­қатынаста екенін дәлелдей түспек.

ТРАМП ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫНАН ШЫҒУҒА ДАЙЫН

Дүниежүзілік сауда ұйымы өз жұмысын жақсартпаған жағдайда АҚШ Президенті Дональд Трамп одан шығуға дайын екенін мәлімдеді.

Оның бұл әрекетінің салдарынан Американың тікелей қатысуы­мен құрылған халық­аралық сауда негіздерін бұзуы ықтимал. Трамп ДСҰ-ның бірнеше жылдар бойы құрама штаттарға оң көзбен қарамағанын айта келе, өз саясатын өзгертуі қажет екенін атап өтті.

МИНИСТР ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ҚЫЗМЕТІНЕН БАС ТАРТТЫ

Францияның Қоршаған орта министрі Николя Юло France Inter радиосының тікелей эфирінде сұхбат беріп отырып, қызметінен бас тартатын мәлім етті.

Бұл ел президенті Эммануэль Макрон үшін де күтпеген ше­шім болған. Николя Юло бірқатар экология­лық мәселелердің ше­шімін табу үшін жасал­ған әрекеттері сәтсіз болғандықтан, министр қызметінен бас тартатынын мойындаған. Оның айтуынша, климаттың өзгеруіне қарсы күрес шаралары Франция үкіметінің басым бағыттар жөніндегі тізімнің соңғы орнында болғаны көңілін қалдырған. Юло үкіметтен нақты қолдау көрмегендіктен, министрлер кабинетінде өзін жалғыз сезінетінін жеткізді. Қызметтен кету туралы шешімін тіпті әйелі де білмеген көрінеді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button