Жаңалықтар

ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТ АРТЫП КЕЛЕДІ

045ef1b4cd579a9264671100ca9099f5

Елімізде бизнес–ахуал жақсарып келеді. Өткен жылдың бірінші қаңтарынан бастап бірінші рет құқық бұзған тұлғаға айыппұлдың орнына ескерту жарияланатын норма енгізілген болатын. Міне, соның нәтижесінде 10 млрд
700 млн теңге кәсіпкерлердің өз қалтасында қалды.

Яғни, 2013 жылы әкімшілік істердің 95 пайызына ескерту берілген екен. Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Әнуар Жұмаділдаев бұл құқықбұзушылықпен күрес емес, керісінше алдын алудың нақты шарасы екенін айтады. «Жалпы, қабыл­данған шаралар бизнеске оң ықпал етуде, оған тәуелсіз әлеуметтік сауалнама айғақ» деген төраға жұмыс сапасына байланыс­ты жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің қорытындысымен таныстырды.

Саладағы басым бағыттардың бірі – халыққа электронды қызмет көрсетуді жетілдіру. Бүгінде онлайн-тіркеу жүйесі бойынша екі мың адам кәсіпкер ретінде тіркелген. Жалпы саны 440 мыңға жуық патент электронды форматта берілген. Бір жылдың ішінде 16 миллионға жуық қызмет көрсетілсе, оның 12 миллионы электронды түрде шешімін тапқан. Электронды қызметтің  саны мен сапасын арттыру биыл да жалғасын табады.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button