Басты ақпаратЖаңалықтарҚала тіршілігі

ЕЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

fjsj2ldvuor9zcg720mz4krxtyz51d

Қытайдың Пекин қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымы мемлекеттерінің құқық қорғау басқармалары бас қосты. Қазақстандық делегацияны Астана қаласы Ішкі істер департаментінің басшысы полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров бастап барды.

Аталмыш конференцияның мақ­саты айқын. Елдер арасындағы ын­тымақтастықты нығайту, қауіп­сіздік пен тұрақтылықты қорғау, дос­тық қарым-қатынасты жақсартуды көздейді. Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қытайдың Мемлекеттік кеңес мүшесі және Қоғамдық қауіпсіздік министрі Го Шэнкунь астаналық полицейлерді терроризммен, киберқылмыстармен, есірткі және трансұлттық ұйымдасқан қылмыстармен бірлесе күресуге шақырды. Өз кезегінде департамент басшысы Амантай Әубәкіров Шанхай ұйымы мемлекеттерінің
полициясымен ашық және елор­далық тәжірибемен бөлісуге дайын екендігін атап өтті.
Одан кейін конференцияға қа­тысушылар Пекиннің Жедел басқару орталығына барып, арнайы бөлім қызметкерлерінің дене дайын­дық­тарын бақылады. Бейжіңдік поли­цейлер қоян-қолтық күресінің эле­менттерін көрсетіп, тұтқынға түскендерді түрлі жағдайлардан босатып алу: ғимараттан, автокөліктен, қылмыскерлерді құрықтау, түрлі қарулардан жасалатын снайперлік дағдылар, жаппай тәртіпсіздік кезіндегі іс-әрекеттер алгоритмін көрсетті. Полицейлерге арнайы техниканың көрсетілімі де ұсынылды.
Айта кеткен жөн, өткен қазан айында ресми сапар аясында Қы­тайдың Нинся-Хуэйлік автономды ауданы мен Шанси провинциясының Қоғамдық қауіпсіздік департаменті қызметкерлері Астана қаласы Ішкі істер департаментінде болып, өзара тәжірибе алмасқан еді. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу мақсатында Астана қаласына Ресейден, Қырғызтан және Өзбекстан елінен де әріптестер бірнеше мәрте келіп кетті.
– Келер жылы Астанада
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өткізіледі. Соған орай кең ауқымды халықаралық іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету бойынша мұндай тәжірибе алмасу өзекті, – дейді А.Әубәкіров.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button