Басты ақпаратЖаңалықтарҚала тіршілігі

Көктайғақтан зардап шекті

16-1

Өткен тәулікте көктайғаққа байланысты Астана қаласында 80-нен аса жол-көлік оқиғасы тіркелді. Астана қалалық Ішкі істер департаментінің мәліметінше оқыс оқиғалардан 3 адам зардап шеккен.

«Қолайсыз ауа райына байланысты бір тәулік ішінде полиция бөлімшелеріне жол-көлік оқиғасы туралы 80-нен аса хабарлама келіп түсті. Оның ішінде 26 оқиға бойынша материалдық шығын келген. Оқыс оқиғалардан барлығы 3 адам зардап шекті. Олар әртүрлі деңгейде дене жарақатын алып отыр. Жол апатына жүргізушілердің жол ара қашықтығын сақтамау, жылдамдықты асыру және жазғы шинамен жүру секілді жайттар себеп болған» делінген Астана қалалық Ішкі істер департаменті таратқан мәліметте.
Сонымен қатар қолайсыз ауа райы жаяу жүргіншілерге де оңай соқпай тұр. Астанадағы Травматология және ортопедия ҒЗИ орталығына екі күннің ішінде барлығы 130-дан аса адам келіп шағымданған. «Келіп түскендердің басым бөлігі яғни 101 жағдай буын шығу және сынық секілді дене жарақатына байланысты болып отыр. Ауыр жарақат алған 7 адам ауруханаға жіберілді» дейді Травматология және ортопедия ҒЗИ орталығының мамандары.
Синоптиктердің мәліметінше, мұндай қолайсыз ауа райы әлі бірнеше күнге созылатын түрі бар. Алдағы екі күнде ауа райы өзгермейді. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы күндіз -7-9 градус аралығында суық болады.

Бүркіт НҰРАСЫЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button