Қоғам

Елордалықтар Қостанаймен бірге

Елордалық өрт сөндірушілер Қостанай облысына көмекке аттанды. Қостанай облысында орман өртіне қарсы күрес жүріп жатқанына төрт тәулік болды. Елордалық ТЖД-нің 98 ержүрек құтқарушысы, 18 өрт сөндіру техникасы өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары полковник Р.Екишевтің басшылығымен Қостанай облысының Әулиекөл ауданына өртке қарсы күресте әріптестеріне көмек көрсету үшін жолға шықты, – делінген ТЖД хабарламасында. ТЖМ хабарлауынша, Әулиекөлдегі өрт аумағы 9 мың гектардан асты, орманның жалпы аумағы 40 мың гектар.

[smartslider3 slider=3888]

Облысқа өзге аймақтардан көмек көрсетіліп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарынан өрт сөндіру құралдары мен қосымша күштер жіберілді.

Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы орын алған табиғи өрт апатына байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясы өрт салдарынан зардап шеккен халыққа көмек көрсету акция­сын бастады.

4 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және барлық облыстардың Достық үйлеріндегі волонтерлік орталықтардың базасында қаражат пен қажетті заттарды жинау үшін жедел штабтар құрылды.

Келіп түскен ақпарат бойынша эвакуацияланған азаматтар азық-түлікпен, дәрі-дәрмекпен және төсек-орынмен қамтамасыз етілген.

Зардап шеккен азаматтарға үйлерін, қожалықтарын, киімдері мен тұрмысқа керек заттарын қалпына келтіру қажет.

Amanat партиясы Қостанай облысының зардап шеккен және эвакуацияланған тұрғындары үшін 312 тонна гуманитарлық көмек жинады. Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы кәсіпкерлердің көмегімен тағы да 4,5 тонна бірінші қажеттіліктегі заттарды жинады.

Қостанай облысы бойынша жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Облыс әкімдігінің резервінен зардап шеккендерге көмек көрсетілді. Бұл – ең алдымен, жатын орын және тамақтану. 1 800 адам эвакуацияланды. Мектептерге 200-ге жуық адам орналастырылды. Көбісі қауіпсіздігін тексеріп өз үйлеріне оралды, қалғандары туыстарын паналады, – деп мәлім етті Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оқиға бойынша арнайы комиссия құрылды. Комиссия шешіміне сәйкес табиғи апаттан зардап шеккендердің (үй-жайы өртенген тұрғындарға) барлығына қажетті көмек көрсетіледі. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов пен Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин эвакуацияланған тұрғындармен кездесті. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Озерное ауылынан (250 адам) және Аманқарағай ауылынан солтүстік бөлігінен (1000 адам), Калинино ауылынан (228 адам), Лесное ауылынан (363 адам) жалпы барлығы 1841 адам эвакуацияланды. Жергілікті атқарушы органдар эвакуация­ланған адамдарды Әулиекөл орта мектебі мен Әулиекөл мектеп-интернатына орналас­тыруды ұйымдастырды.

Гүлшат САПАРҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button