Басты ақпаратҚала мен Сала

Елорданың тазалық дәстүрі

Көктем шыға қала аумағын ретке келтiрiп, көшелер мен аулаларды тазалап ұстау – елордада қалыптасқан үрдiс. Жаңа апта басталғалы Астанада күн жылынып, жер аяғы кеңіді. Ауа райының қолайлылығын пайдаланып, жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша елорданың коммуналдық сала қызметкерлері айналаны тазалау жұмыстарына қызу кірісіп кетті.

Астанада көктемгі санитарлық тазалық жұмысы басталды. Бұл іске 2000-ға жуық жұмысшылар, 500-ден астам техника жұмылдырылды.

Қаланы қыстан қалған күл-қоқыстан тазартып, барлық аудан аумақтарында қоршаулар мен саябақтар, гүлзарлар мен алаңдар, аулалар және адам көп жиналатын өзге де орындар тазаланып, жуылуда.

Алматы ауданында қысқы ластанудан кейін орталық көшелерді, тротуарларды, аялдамаларды, көпірлерді, жарықтандыру тіректерін, қоршауларды және жалпы пайдалану орындарын тазалау және жуу бойынша жоспарлы жұмыстар толық қарқынмен жалғасуда. Бүгінгі таңда аталған жұмыстарға 140 бірлік арнайы техника мен 629 жол жұмысшысы қатысты. Арнайы техникалардың көмегімен тротуарлар мен жол төсемдерін механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Жұмысшылар күн сайын көгалдарды қоқыстан тазалап, жолдың жиектерін қолмен және техниканың көмегімен тазартылып жатыр. Бұл ретте негізгі күш еріген суларды бұруға және айдауға бағытталады. Сондай-ақ апатты және қураған ағаштарды тәждеу және көгалдарды тырмалау жұмыстары жалғасуда.

Осылайша, аталмыш ауданының коммуналдық қыз­меттері алдымен аудан аумағындағы көпірлерді, одан соң ауданға көрік беріп тұрған белгілі тұлғалардың ескерткіштерін тазалап жууды қолға алды. Гүлзарлар, көлік жүретін және жаяу жүргіншілерге арналған жолдар тазартылып, аялдама павильондарын, жол белгілерін жуып, қоқыс жәшіктері мен орындықтар сырланды. Аталмыш аудан аумағында орналасқан саябақтар мен аулалар күл-қоқыстан тазартылып, ағаштарды кесу жұмыс­тары жүргізілді. Сондай-ақ ағаштардың түбін қопсыту, қурап қалған бұталарды кесу және т.б. жұмыстар жүріп жатыр. Бұл ағаштың қурап қалмауы үшін жасалады.

Бүгінгі таңда санитарлық тазалау жұмыстары елорданың барлық ауданында жүргізуде.

Тағыда

Гүлбаршын Өкешқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button