Мәслихат

ЭНЕРГЕТИКА КЕШЕНДЕРІН АРАЛАДЫ

энер

Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында Астананың энергетика кәсіпорындарының тиімділігін дамыту және арттыру мәселелері қарастырылмақшы. Осыған орай, халық қалаулылары бас қаладағы бірқатар энергетика кешендерінде болып, олардың келешектегі даму жоспарларымен танысты.

Алдымен «Астана-Теплотранзит» АҚ-ның №1 сорғы стансасына ат басын бұрған депутаттар бюджет қаражатына салынған құрылғының жұмысымен танысты. Акционерлік қоғамның Басқарма төрағасы Айтмұқан Жұмабековтың айтуынша, «Астана-Теплотранзит» өндіріс ортасынан тұтынушыға дейін жылу қуаты 10 сорғы стансасы мен ұзындығы 566 км жылу желілерінің көмегімен жеткізіледі. Заманауи құрылғылармен, автомататты басқару жүйесінің бағдарламалық-техникалық кешенімен жабдықталған станса елорданың оң жағалауындағы Жеңіс, Республика даңғылдары мен Уәлиханов, Кенесары көшелеріндегі тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз етеді.

Халық қалаулылары сонымен бірге ЖЭО-2 және ЖЭО-3 нысандарына барып, ондағы құрылыс барысымен және елордадағы қуат көздерін дамыту жөніндегі жобалар мен бағдарламалардың жүзеге асырылу жайымен танысты. ЖЭО-3 құрылысы 2010 жылы тамыз айында басталды. Жоба бойынша мұнда қуаты 480 Гкал төрт су қайнататын қазандықтың және барлық инфрақұрылымының құрылысы қарастырылған болатын.

«Астана-РЭК» немесе Астана аймақаралық энергетикалық компаниясына қарасты «Көктем-2» және «Батыс» аралық стансаларын аралау барысында депутаттар электр энергиясын таратумен айналысатын мекеменің жұмысымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. Бұл ретте «Астана-РЭК» АҚ басқарма төрағасы Александр Смородин кәсіпорын қызметін дамытып, қаланың электр шаруашылығын пайдалану тиімділігін арттыру мен техникалық қызмет көрсету шаралары туралы және кәсіпорында күрделі жөндеу бағдарламасы, инвестициялық бағдарламалар шеңберінде жүргізілген қосалқы стансалар мен электр беру желілерін қайта құрылымдау жұмыстары жөнінде баяндады.

энерг

Ал, «Астанаэнергосервис» АҚ басқарма төрағасы Рустам Баялиев қаладағы энергетика кешенінің жай-күйі мен дамуы жайында айтты. Осы жылы басқару компанияның шоғырландырған активтері 153 млрд теңгені құраған екен. 2009 жылдан 2013 жылға дейін тарифтің шектеулі деңгейінің өсуі арқылы 15,3 млрд теңгенің инвестициялық бағдарламасы жүзеге асырылған. Бұдан әрі холдинг басшысы энергетика кешенінің құрамында құрылған энергиямен жабдықтаушы «Астана ЭнергоСбыт» компаниясының жұмысына ерекше тоқтала отырып, Елбасы тапсырмасына сәйкес электрондық форматта көрсетілетін қызметтер санын көбейтіп, коммуналдық қызметтер ақысын бірыңғай төлем құжаттары арқылы төлеуді қамтамасыз ету үшін жұмыс тобы құрылғанын жеткізді.

«Астана-Энергия» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Олег Уткин қаланың негізгі энергия өндіретін ұйымының жұмысы туралы әңгімелеседі. Сонымен, халық қалаулылары соңғы кезде энергетикалық нысандар қызметінің жақсарғанын өз көздерімен көріп, бұл саладағы оң өзгерістерге куә болды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button