Әлеумет

Еріктілер түсіндіреді әрі көмектеседі

«Волонтерлік бастамаларды қолдау» жобасы аясында елімізде санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына волонтерлер де өз үлесін қосуда. Астананың волонтер-медиктері халық көп шоғырланған жерлерде 1500 медициналық маска таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Шараға 20-ға жуық ерікті, полиция департаментінің қызметкерлері, волонтерлік ұйымдар өкілдері, Астана медицина университетінің белсенді студенттері қатысты. Бұл жолы олар қаламыздың орталық саябағы мен «Астаналық» базар маңындағы халық көп шоғырланған жерлерде болды.
Айта кетейік, бүгінде Астана медицина университетінің волонтерлері арнайы медициналық оқу курстарынан өтуде. Алдағы уақытта олар дәрігерлерге өз көмектерін көрсетіп, волонтерлік қызмет жасайтын болады.
«Елордада 53 волонтерлік ұйым жұмыс істейді. Солардың бірі – «Қазақстанның медицина жастары» ұйымы. Олар жеке қорғаныш құралдарын таратады, тәуекел тобындағы азаматтарды аралайтын жергілікті дәрігерлерге көмектеседі. Коронавирустың алғашқы толқыны кезінде біз олармен қатар жұмыс істеп, медицина қызметкерлерінің жұмысын көрдік. Атап айтқанда, дәрі-дәрмектер жеткіздік, жедел жәрдем қызметіне көмектестік. Сонымен қатар 47 медицина еріктілері Ramada Plaza қонақ үйіндегі ауруханада жұмыс істеді» дейді Нұр-Сұлтан қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысы Дәулет Кәрібек.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button