Жаңалықтар

Ескі көлікті қайда өткіземіз?

Биыл ескі көліктерді тапсыру бойынша өзгеріс енгізілді. Яғни құжат саны, жылы қысқартылып, төлемақы көлемі артты.

 

«Бұдан былай тозығы жеткен көліктерді қайта өңдеуге тапсыру үшін бар болғаны үш құжат талап етіледі. Көлікті есептен шығару туралы анықтама, жеке куәліктің көшірмесі және банктік есеп-шотты растайтын анықтама. Ал тозығы жеткен ауыл шаруашылығы техникаларын тапсырған жағдайда екі құжат сұралады.

Ол – техниканы есептен шығару туралы анықтама мен жеке куәліктің көшірмесі. Екіншіден, 2020 жылы тозығы жеткен көліктерді тапсыру жөніндегі өтінімді қарастыру мерзімі екі күнге қысқартылды. Бұрын бұл 3 күннен 15 күнге дейінгі уақытты алатын. Сонымен қатар биылғы 1 маусымнан бастап М1 санатты, яғни тозығы жеткен, бірақ бөлшек сайманы толық жеңіл көліктерге берілетін төлемақы көлемі 200 мың теңгеге көбейді, – деді «ӨКМ операторы» ЖШС Тозығы жеткен көлік құралдары бөлімі басшысының орынбасары Данияр Тілеукенов.

 

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button