Имантаразы

«ХАЛАЛ» АТЫН ЖАМЫЛЫП…

main18942046_b2c0b2850250337db43d392f33d14973

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі «Халал» өнімдерінің құрамындағы тіннің түрін сәйкестендіруді анықтау мақсатында жүргізген зерттеу нәтижесінде шұжық өнімдерінің құрамынан шошқа етін анықтады.

Зерттеу жұмыстары «Халал» стандарты өндірісінің «Мусульманские», «Говяжьи» шұжықтары, «Докторская в/с в синюге» шұжығы, «Халал» жартылай ысталған шұжығы, «Жартылай ысталған шұжық», «Конские сосиски», «Элитная» (жоғары сұрып) халал мұсылмандық сервелат өнімдері құрамынан доңыз еті қосылғанын көрсетті. Сондай-ақ, заттаңбасында «Қазақстанның халал индустриясы» қауымдастығының бақылауымен дайындалғаны жазылған «Халал» белгісі бар «Целинная – фабрика деликатесов» шұжығы құрамында да шпит (шошқаның тұзды немесе тұзды-ысталған шел майы) бар екендігі де белгілі болды.

Анықталған факт «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентінің (034/2013 КО ТР) 107-тармағын бұзу болып есептеледі, оған сәйкес тұтынушыларды (сатып алушыларды) жаңылыстыратын іс-әрекетті болдырмау мақсатында ет өнімдерінің айырма белгілері туралы ақпарат «Таңбалау бөлігіндегі тамақ өнімдері» Кеден одағының техникалық регламентінің (022/2011 КО ТР) талаптарына сәйкес болуы тиіс. Тамақ өнімдерінің атауында оның құрамына кірмейтін компоненттерді немесе олардың қайта өңделген өнімдерін көрсетуге жол берілмейді.

Өндірушілер және өнім берушілер арасында түсінік жұмыстарын жүргізу және бақылауды күшейту үшін зерттеу қорытындылары барлық аймақтардағы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттеріне жолданды.

Жайық НАҒЫМАШ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button