Қала тіршілігі

Идеяны іске асырады

Елорданың үкіметтік емес ұйымдары мен бастамашыл тұрғындары қаланың әлеуметтік ортасын жақсартуға өз үлестерін қоса алады. Нұр-Сұлтан қаласының «Азаматтық бастамалар орталығы» белсенділер мен үкіметтік емес ұйымдарға идеяны жобаға айналдыруға, оны іске асыруға көмек көрсетеді.

Өтініш бергендерге заңгерлік, қаржылық жағынан кеңес беріледі. Орталықта бастамашыл азаматтарға әлеуметтік жобаның идеясын жүзеге асыруға қолдау көрсетіліп, кейін ол грант алуға немесе бағдарламалар байқауына жіберіледі.
Орталықтың қатысуымен жүзеге асырылатын жобалар негізінен ерекше балалар тәрбиеленетін отбасылардың, халықтың әлеуметтік осал топтарының, көпбалалы отбасылардың өмірін жақсартуға бағытталады. Сондай-ақ экология, инклюзивті білім беру, ұлттық бірегейлікті жаңғырту мәселелері бойынша идеялар іске асырылады.
Идеяны немесе жобаны жүзеге асыру үшін ҮЕҰ және «Азаматтық бастамалар» сайтында кеңес алуға өтінім қалдыра алады ­немесе 8 7172 32 35 19, 8 771 050 15 37, 8 708 800 28 87 нөмірлеріне хабарласуға болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button