Басты ақпарат

IKOMEK ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІККЕ КӨМЕКТЕСЕДІ

«Астана LRT» ЖШС Көліктік бақылау департаментінің, «Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ, «№1, 4 автобус паркі» ЖШС өкілдері қатысқан жиында iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығына қаладағы қоғамдық көліктің көп жағдайда жүру аралығының сақталмауына, электронды жолақы төлеу жүйесінің жұмысына, экипаждың дөрекі қарым-қатынасына, жол-көлік оқиғаларына байланысты келіп түскен шағымдар қаралды. Осы ретте iKOMEK109 қалалық орталығы басшысының орынбасары Д.Темірғалиева 22 шілде мен 4 тамыз аралығындағы кезеңде 1505 шағым мен консультативтік сипатта 10707 өтініш келіп түскенін мәлім етті. Ең көп шағым (3216) ағымдағы жылдың шілде айында келіп түскен. Қалыптан тыс ыстыққа байланысты 202 өтініш қоғамдық көліктегі ауа баптағыштардың жұмысына қа­тысты болған.
Жиын барысында қоғамдық көліктің жұмысы жөнінде аралық есептер тыңдалды. Бұл ретте «Астана LRT» ЖШС Көліктік бақылау департаменті директорының м.а. Р.Рахматулин 1505 шағымнан бүгінгі таңда 860 шағымның шешілгенін баяндады. Сонымен қатар жолдағы көлік оқиғаларының көпшілігі жол қозғалысының басқа қатысушылардың кінәсінен жасалатыны айтылды. Ал қоғамдық көлік жүргізушілері кінәсінен 253 оқиға тіркелген, бұл жалпы ЖКО-ның 32,4 пайызын құрайды. Басты себептер жүргізушінің шаршаңқылығы, мұқиятсыздығы болған. Көлікте жаңа технология­лардың енгізілуіне байланысты қосымша салмақ түсуі, жолақының төленуін бақылау функциясының қосылуы да жүргізушіге қосымша қиындық туғызатыны айтылды. Жиын қорытындысында «Астана LRT» ЖШС жүйелі себептерді төмендету мақсатында автопарк­термен бірлесіп, қоғамдық көлік проблемаларын шешетінін хабарлады. Атап айтқанда, жүргізушілер үшін оңтайлы жұмыс режимін белгілеу және бірқатар басқа да шаралар қолдану жөнінде шешім қабылданды.
iKOMEK109-ға келіп түскен әрбір өтініш тиісті жауапты ұйымға жолданып қана қоймай, қаланың жүйелі түйткілдерін талдауға, әрі қарай мәселені елорда басшылығы деңгейінде көтеруге негіз болып отыр. Бұл бағыттағы жұмыс жалғаса беретін болады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button