Басты ақпарат

Инвесторларға тартымды қала

Осы жылдың 8 айы ішінде Астанаға тартылған инвести­ция көлемі 598 миллиард теңгені құрады. Оның 158 миллиарды – шетелдік инвестиция. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда үш есеге артық көрсеткіш болып отыр.

Бас қалада, сондай-ақ ішкі инвестицияның да үлесі 10,2-ден 26,5 пайызға дейін өсті. Жалпы, 2018 жыл аяқталғанша елорда игілігіне тартылатын инвестиция көлемін 1 триллион теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Бұл жөнінде Астана қалалық мәслихатының бюджет, экономика және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комис­сия­ның отырысында белгілі болды.
2017 жылы елордаға тартылған инвестиция көлемі рекордтық көрсеткішке, яғни 957 млрд теңгеге жеткен еді. Оның 200 млрд теңгесі шетелдік инвестиция болатын. Бұл әзірше Астана экономикасындағы табысты көрсеткіш саналады.
Ал соңғы кездері жүзеге асырыла бастаған жобалар негізінде Астана игілігіне бағытталатын қаржы көлемі артып келеді. Бұл бас қаланың экономикалық, кәсіпкерлік, қаржылық орталыққа айнала бастағанын айғақтайды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button