Басты ақпарат

Бахрейн мектеп құрылысын қаржыландырады

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов Бахрейн ханзадасы атындағы қайырымдылық қорының бас хатшысы Мұстафа Әли Мұхаммед Әл Сайед мырзамен кездесті.

Тараптар келіссөз барысында Астанада білім объектісінің құрылысын салу мүмкіндігіне тоқталды. Айта кетейік, 2014 жылы Бахрейн ханзадасы Хамад бен Иса әл Халифа Қазақстанға ресми сапары кезінде әлеуметтік нысанның құрылысын салу туралы келісімге келген болатын. Өз кезегінде Астана әкімі Бақыт Сұлтанов қайырымдылық қорының бастамасына жан-жақты қолдау көрсетуге уәде берді.
Мұстафа Әли Мұхаммед әл Сайед екі елдің бірлескен жобасы – мектеп құрылысының қашан басталатыны туралы желтоқсанда хабарлайтынын айтты.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button