Басты ақпарат

Ірі нысандарды аралады

Қала әкімі Бақыт Сұлтанов елордадағы бірқатар ірі нысандарды аралап, жұмыс барысымен танысты. Олардың ішінде LRT көлік жүйесінің бірқатар жаңа станциялары, темірбетон арқалықтарды құрастыратын полигон, Есіл өзеніне салынатын жаңа көпір, сондай-ақ Мыңжылдық аллеясы бар.

Бақыт Сұлтанов LRT көлік жүйесінің құрылысы бойынша Президенттің берген тапсырмаларының орындалуын тексерді. Ол LRT көлік жүйесінің жұмыс жүргізіліп жатқан бірқатар станцияларына барды. Қазіргі кезде құрылысшылар инженерлік жүйелерді дайындап, көлік желісіне қажетті қазықтар мен арқалықтарды орнатуда. Жобаның жүзеге асырылу барысы жайында Астана әкіміне «LRT құрылысы бойынша дирекциясының» директоры Әділша Ермұханов баяндап берді. Жоспарға сәйкес, LRT көлік жүйесі әуежай мен «Нұрлы жол» жаңа теміржол вокзалының арасын жалғайды. Эстакаданың ұзындығы 22,4 шақырымды құрайды, қаланың аумағында барлығы 18 станция және 19 бірлік қозғалмалы құрам болады. Биыл бұл жоба бойынша жұмыстар толық аяқталады. Көлік желісі бойынша нысандардың құрылысына 2,5 мыңға жуық жұмысшылар және 155 бірлік ауыр техника жұмылдырылған.
Сондай-ақ, қаланы аралау барысында елорда әкімі темірбетон арқалықтарды құрастыратын полигонға, Есіл өзеніне салынып жатқан жаңа көпірге барды. Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша, дирекцияның кеңсесінде көшпелі отырыс өткізілді. Оның барысында Астана әкімі LRT көлік жүйесі құрылысының жобасын белгіленген мерзімде жүзеге асыруды қамтамасыз етуді тапсырды. Қала басшысына Мыңжылдық аллеясының құрылыс жоспары жөнінде баяндалды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button