Басты ақпаратҚала тіршілігі

Кәсіпке қолайлы шаһар

Бүгінгі таңда Астана шағын және орта бизнесті дамытуға қолайлы қалаға айналып отыр. Үстіміздегі жылдың 1 қыркүйектегі жағдайы бойынша елордада жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 42534 бірлікті құрайды. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда шағын және орта бизнес нысандары санының 10 пайызға ұлғайғанын көрсетеді.

Бас қаладағы заңды тұлғалардың 98,2 пайызы – шағын, 1,1 пайызы – орта және 0,7 пайызы ірі кәсіпорындар саналады. Ал олардың аудандар бойынша ара салмағы былай бөлінген: Алматы – 27 пайыз, Сарыарқа – 26,2 пайыз, Байқоңыр – 23 пайыз, Есіл 23,1 пайызды құрайды.
Заңды тұлғалардың ең көп жұмыс істеп тұрған салалары сауда кәсіпорындарына тиесілі болып отыр. Олардың үлесінде 28,1 пайыз, құрылыс – 19,0 па­йыз, өзге де қызметтерді ұсынуда – 10,6 пайыз, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 7,6 пайыз, өнеркәсіп саласында – 5,3 пайыз, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету 5,2 пайызға өсті.
Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың негізгі бөлігі 92,4 пайыз – шаруашылық серіктес­тік нысандары. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың 3 пайызы – қоғамдық, діни бірлестіктер мен қорлардың, мекемелер – 1,4 пайыз, тұтыну кооперативтері – 1,2 пайызға, заңды тұлғалар бірлестіктері – 0,7 па­йыз, мемлекеттік кәсіпорындар – 0,6 пайыз, акционерлік қоғамдар бойынша – 0,5 пайыз, өндірістік кооперативтер – 0,1 пайыз, өзге де ұйымдық-құқықтық нысандағы коммерциялық емес ұйымдардың 0,1 пайыз үлесіне тиесілі.
Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар басшыларының арасында ерлердің үлесі 69,5 пайызды, әйелдер 30,5 пайыз құрайды. Жыл басында олардың үлес салмағы былай болған: ерлер – 70,3 пайыз, әйелдер – 29,7 пайыз.
Негізінен, әйел адамдар білім саласында көбірек басшылық қызметте – 60,4 пайыз; денсау­лық сақтау және әлеуметтік қыз­меттер – 50,9 пайыз; орналас­тыру бойынша және тамақтану қызметі – 43,5 пайыз; қаржы және сақтандыру қызметі – 40,9 пайыз; жылжымайтын мүлікпен жүргізетін операциялар – 37 па­йыз; кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 36,8 пайыз.
2018 жылдың тамыз айында статистикалық бизнес-тірке­лім бастапқы тіркеуден өткен 654 заңды тұлға субъектісімен толықты. Ал осы аралықта жабылған бизнес субъектілердің саны 98 болды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button