Қала мен Сала

Кәсіпкерге көп жәрдем

Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, Халықты жұмыспен қамту орталығы және Astana ӘКК елордалық шағын және орта бизнес өкілдері үшін ашық есік күнін ұйымдастырды. Кәсіпкерлерге арналған шараға екінші деңгейлі банктер мен қаржы ұйымдарының, Astana Invest қалалық инвестицияларды дамыту орталығының, «Даму» қорының, ­«Атамекен» ұлттық палатасының өкілдері қатысты.

[smartslider3 slider=3482]

– Бұл – биылғы бизнес үшін алғашқы жәрмеңке. Мемлекеттік қолдау бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Бірақ кәсіпкерлер мен бизнес-құрылымдардың өкілдері мемлекет оларға беретін жеңілдіктер мен преференциялар туралы біле бермейді. Сондықтан біз бухгалтерлік есеп жүргізудің қыр-сырын үйретеміз, өйткені бәрі бірдей салық есептерін дұрыс тапсыра алмайды, ал шағын бизнес өкілдері әрдайым бухгалтер жалдауға мәжбүр. Біздің іс-шараларымызда олар визасыз бухгалтерлік және заң қызметін, маркетинг және мемлекеттік сатып алу қызметін ала алды. Біздің палата 2019 жылдан бастап 76 оқу орталығын ашты. Олар үш аптадан екі айға дейін жұмысшы мамандықтарына қайта даярлау және оқытуды жүргізеді. Сондай-ақ ашық есік күніне елордада жұмыс істейтін барлық екінші деңгейлі банктер қатысады. Кәсіпкерлер банктерге барып уақыт жоғалтпайды, барлық бағдарламалар туралы бір жерден ақпарат ала алады, – деді Нұр-Сұлтан қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Бейсен Жолболдиев.

Еуропалық даму және қайта құру банкінің жұмысы туралы ЕҚДБ ШОК дамыту тобының жобалар жөніндегі маманы Әйгерім Абдуалиева айтып берді.

«Банк жұмысының негізгі бағытының бірі – шағын және орта бизнесті қолдау. Біздің банк Қазақстанда 20 жылдан астам жұмыс істейді, сол ­сияқты шағын және орта кәсіпорындардың өсуіне, табысқа жетуіне және экономика үшін шынайы катализатор болуына көмектеседі, оларды қаржыландыру арқылы да, сондай-ақ жаңа білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету арқылы да қолдайды. Мысалы, бізде «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасы бар. Өздеріңіз білетіндей, әйелдер кәсіпкерлігі жұмыс орындарын құруда және экономикалық өсуді қамтамасыз етуде маңыз­ды рөл атқарады. Бизнестегі әйелдер үшін тең мүмкіндік жасау жыныстық теңдік мәселесі ғана емес, сонымен қатар экономикалық басымдық екеніне сенімдіміз. Кәсіпкер әйелдерге бизнес құруда табысқа жетуге, елдің экономикалық өміріне белсенді қатысуға көмектесу үшін бар күшімізді саламыз» деді ол.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button