Қала тіршілігі

Кәсіпкерлер қаласына айналды

Бүгінде елорданың әрбір екінші тұрғыны шағын және орта бизнеспен айналысады екен. Бұл мәліметті әкімдікте өткен брифингте Инвестиция және кәсіпкерлерді қорғау басқармасының басшысы Әлішер Әбдіқадыров жеткізді.

«Астана кәсіпкерлер қаласына айналды деп сенімді түрде айтуға болады. Шаһардағы экономиканың басым бөлігі шағын және орта бизнес есебінен қалыптасуда. Бүгінде елорданың аймақтық жалпы ішкі өнімінде оның үлесі 54,4 пайызды құрады. Соңғы 8 жылда шағын және орта бизнес субъектілерінің саны бес есеге өсті» деді Ә.Әбдіқадыров.
Қазіргі күнде Астана еліміздегі ең басты жұмыс беруші шаһарға айналды. Бүгінде елордада 111 мыңнан аса кәсіпкер субъектісі тіркелген болса, оның басым көпшілігі шағын және орта бизнестің өкілдері саналады. Яғни тұрғындардың 65 пайызы бизнеспен айналысады екен.
Қазір әкімдік бизнесті барынша кең қолдауды қамтамасыз ету үшін тұрғындар мен инвесторларға «бір терезе» қағидасы бойынша барлығы бір жерге шоғырланған қызмет көрсету орталығын құрады. Бұл жоба бизнесті одан әрі оңтайлы етуге сеп­тігі тимек.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button