Басты ақпаратЕлорда тынысы

Киберпул құрылды

Елордада Полиция департаменті жанынан интернет-алаяқтықтың алдын алып, фактілерді анықтайтын мамандар пулы іске қосылды. Ол туралы аталған ведомствоның баспасөз мәслихаты барысында айтылды.

– Өткен жылдың соңында қалалық Полиция департаменті жанынан киберпул құрылды. Мақсат – киберқылмыс және интернет-алаяқтықпен күрес жүргізу. Ондағы мамандар аталған бағыттағы әрекеттердің алдын алу және анықтаумен айналысады. Әр аудандық полиция басқармасында 10 қызметкер бар, ал жалпы қала бойынша 40 маман жұмыс істейді. Барлық маман арнайы даярлықтан өткен, жұмыс істеу алгоритмін біледі, – деді Астана қалалық Полиция департаменті криминалды полиция басқарма басшысының орынбасары Қайрат Мәдиев.

Спикердің дерегінше, өткен жылы елорда аумағында болған интернет-алаяқтық қылмыстардың 33% ашылды.

«Интернет-алаяқтық жазасына келсек, кінәлі қылмыстың деңгейіне қарай 1 жылдан 5 жылға дейін арқалайды. Сонымен қатар аталған бағытта интерполмен де бірлесіп жұмыс істейміз» дейді ведомство өкілі.

Жыл басынан бері елордада 443 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді. Көрсеткіш ай сайын артып келеді. Салыстырмалы түрде қарасақ, 2021 жылы 188 факті тіркелген. Бүгінде барлық факті бойынша 45 істі қарау аяқталды және 148 іс тоқтатылды. Сонымен қатар 150 интернет-­алаяқтық фактісі ашылды, нәтижесінде 29 айыпты ұсталып, оның 13-і қамауға алынды

Бұған дейін Астанада бір айдың ішінде 443 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген.

«Жыл басынан бері елордада 443 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді. Көрсеткіш ай сайын артып келеді. Салыстырмалы түрде қарасақ, 2021 жылы 188 факті тіркелген. Бүгінде барлық факті бойынша 45 істі қарау аяқталды және 148 іс тоқтатылды. Сонымен қатар 150 интернет-алаяқтық фактісі ашылды, нәтижесінде 29 айыпты ұсталып, оның 13-і қамауға алынды» деді Қайрат Мәдиев.

Спикердің мәлімдеуінше, интернет-алаяқтыққа қатысты әлеуметтік желілердегі чаттар мен сайттарды бұғаттау жұмысы қолға алынған.

«Интернет-алаяқтық және киберқылмыспен бірлесіп күресу мақсатында IT қауымдастығы өкілдерімен бірнеше жиын өтті. 54 мемлекеттен тұратын халықаралық конвенция құрамына қосылсақ, бұғатталатын сайттар мен чаттардың саны арта түспек» дейді ол.

Сондай-ақ Полиция департаментінің өкілі интернет-алаяқтық және киберқылмыстың алдын алу бағытында профилактикалық іс-шаралардың жиі ұйымдас­тырылып тұратынын жеткізді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button