Басты ақпаратЖаңалықтар

КӨКТЕМДЕ ЖҰМЫС КӨБЕЙЕДІ

Кеше қала әкімі Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен өткен аппарат отырысы Астананы абаттандыруға арналды. 

ccc1a3f2a228acc4e7d2edbf048

Жиын барысында шаһардың санитарлық жағдайы талқыланды. Елорда басшысының айтуынша, ауа райының жылынуы көше инфрақұрылымын тазалап, тәртіпке келтіруге қолайлы болып тұр. Көктем шыққан соң коммуналдық қызметтер мен аудан әкімдіктеріне түсетін жүктеме артады. Бұл ретте әрбір меншік иесі мен кәсіпкер өз объектісінің сырт келбетіне, әрбір ПИК – аула аумақтарына мұқият назар аударуы керек. Көктемгі жаңару қала ішінде де көрінуі тиіс.

Әділбек Жақсыбеков көшені жарықтандыру мәселесіне де тоқта­лып, энергия ресурстарын пайдалану жолдарын қайта қарауды ұсынды. Еңбекшілер көшесінде «Смарт көшені жарықтандыру» пилоттық жобасы енгізілгелі бері қуаттың 50 пайызы үнемделді. Алдағы уақытта осындай технология одан әрі кеңейтіледі.

Қалалық билік жолаушыларды заңсыз тасымалдауға қатысты жағдайларда біржақты позицияны ұстанады. Адамдардың мазасын алатын такси жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін бұза­ды және айналасына көптеген ыңғай­сыздықтар тудырады. Ал так­силер жиналатын заңсыз орындар қалып­ты жайт күйінде қабылданады. Осы орайда Жергілікті полиция қыз­­метіне апталық рейд жүргізіп, тәртіп бұзушыларды жауапқа тарту міндеттелді.

Сонымен қатар, Тілдерді дамыту басқармасына Сәулет және қала құрылысы басқармасымен бірлесіп сыртқы жарнама мен «Тілдер туралы» заңды сақтау бойынша тағы да бір тексеру жүргізу тапсырылды.

astana-akshamy.kz

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button