Имантаразы

КӨҢІЛГЕ – ҮМІТ, ЖҮРЕККЕ – ЖЫЛУ СЫЙЛАҒАН КҮН

IMG_7009

«Дін мен дәстүр жылы» аясындағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен басты міндеттердің бірі – қайырымдылық шараларын көптеп ұйымдастыру еді. Көңілі кемшін жандарға рухани демеу көрсету әрі материалдық жағынан қарайласуда «Нұр Астана» мешіті әрдайым өз үлесін қосып келеді.

Осындай игі істің жалғасы Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Азия парк» ойын-сауық орталығында өткізілді. Зекет қорымен бірлесе ұйымдастырылып отырған шара әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, денсаулығында туа біткен кемшілігі бар жандарға арналды.

Бейкүнә балалар төл мерекелерінде «Бэби парк» аттракционында асыр салып ойнап, онан соң кинозалда мультфильм тамашалады. Соңынан бүгінгі мерекенің қонақтарына арналып дастархан жайылды.

Ізгі істі өткізуге ұйытқы болған «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Наурызбай Өтпенов бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтап, балаларға базарлық, отбасыларына азық-түлік үлестірді. Аталмыш шара барысында көп балалы 11 отбасыға қолдау көрсетілді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button