Басты ақпарат

Көш басында – «ақылды» көлік жүйесі

Нұр-Сұлтанның интеллектуалды көлік жүйесі Еуропа, ТМД және Орталық Азия елдері арасында 1-орынға ие болды. 12 елдің 40 қаласы ішінде озық шықты. Бұл туралы қала басшысы Алтай Көлгінов Instagram парақшасында баяндады.

 

IDC Smart City форумында «ақылды» қалаларды дамыту мәселелері онлайн режимінде талқыланды.
«Нұр-Сұлтанда қаланың қауіпсіздігі саласында бірқатар жобалар жүзеге асырылды:
Бірінші. Көшеде ақылды камералар орнатудың арқасында апаттар саны 40 пайызға төмендеді, өлім-жітім екі есеге азайды. Жол жүрісіне қатысушылар тәртіпті бола бастады.
Екінші. Біз «Қауіпсіз аула» жобасын жүзеге асырып жатырмыз. Тұрғындардың өтініші бойынша аулаларға камералар орнатамыз. Бұл қауіпсіздік деңгейін арттырады: ұрлықтардың саны, бөтеннің мүлкіне зиян келтіру және басқа құқық бұзушылықтар азайды.
Үшінші. Қауіпсіздікті жақсарту үшін мектептер мен балабақшалар камералармен жабдықталған.
Төртінші. Біздің барлық автобустар тарифтердің қолма-қол ақшасыз валидаторымен жабдықталған. Бұл қаражаттың көлеңкелі айналымы проблемасын шешуге мүмкіндік берді. Пандемия кезінде біз цифрландыруды дамытудың қаншалықты маңызды екенін көреміз, өйткені контактісіз төлемнің арқасында біз вирустың таралу қаупін азайта алдық. Сонымен қатар, біз Face Pay төлем жүйесін енгіздік. Бұл жоба кеңейтіліп, оған қосымша автобустар кіреді.
Бұл бағыттар – қауіпсіз қозғалысқа және құқық бұзушылықтардың санын азайтуға тікелей қатысты жобалардың бір бөлігі ғана. Біз цифрландыруды барлық бағыттарда, соның ішінде «ақылды қала» тұжырымдамасы аясында бүкіл астананы цифрландыру бойынша жұмыстарды жүзеге асырамыз» деп жазды қала басшысы Instagram парақшасында.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button