Қала тіршілігі

Ағаш көшеттерін заңсыз қазып алғаны үшін айыппұл төлейді

«Жасыл белдеуге» қол салған Ақмола облысының бір тұрғыны ұсталды. Оған «Астана орманы» аумағынан ағаш көшеттерін заңсыз қазып алғаны үшін 31 815 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

2-5

5 шілде күні Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметінің табиғат қорғау полициясының инс­пекторына «Астана орманы» аумағынан желектерді заңсыз қазып алу фактілері туралы қоңырау келіп түскен. Көп ұзамай полицейлер «Чинар» дәмханасының қасынан 12 түп қайың ағашын қазып алып кеткен ұрыны қолға түсірді. Тексеру барысында оның ағаштарды үйінің ауласына отырғызбақ болғаны анықталды. Осыған байланысты «Жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау ережелерін бұзу» бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, күдіктіге қазып алған желектерін қайта орындарына отырғызу жөнінде міндеттеме берілді.
Жалпы, жыл басынан бері жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау ере­желерін бұзу бойынша 537 заңды және жеке тұлға жалпы сомасы 1 654 380 теңгені құрайтын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button