ЖаңалықтарҚала мен Сала

КҮН БАТАРЕЯСЫ ШЕТЕЛГЕ ШЫҒАРЫЛАДЫ

09599d863400e7237ea1d171176540b0_L

Бір жыл жарым бұрын ашылған «Astana Solar» күн батареяларын өндіретін зауыт бүгінде жылына 50 МВт дайын өнім шығарады. Зауыт сертификаттаудан өтті және халықаралық нарыққа шығуға дайын, деп хабарлады астаналық әкімдіктің сайты.

Елордада екі жылдан бері фотоэлектрлі модульдер шығаратын «Astana Solar» зауыты жұмыс істеп тұр. Ол еліміздегі технологиялық ҚазPV жобасы аясында баламалы энергия түрлерін шығарады. Ал, жаңа өнімдерге шикізатты түгелдей Қазақстан кремнийінен алады.

«Зауыт өз жұмысын 2012 жылы бастады. Зауыттың өндіретін негізгі өнімі фотоэлектр тақташалары. Яғни күн сәулесін электр энергия­сына айналдыратын қондырғы. Зауыттың өнімі барлық облыстарға кең тараған» дейді «Astana Solar» ЖШС инженері Рустам Османбеков.

Іске қосылғанына аз уақыт өтсе де, зауыт өнімдеріне сұраныс артқан. Әсіресе, электр желілерінен шалғайда жатқан аймақтар, жарық жиі сөнетін өндірістік нысандар мен шаруа қожалықтары үшін таптырмас дүние. Қазір зауыттың төрт өндірістік бригадасында 200-ге жуық адам жұмыс істейді. Алда олар ЭКСПО көрмесіне қатысып, өз жобаларын көрсетуді мақсат етеді.

Сонымен қатар, олар өз өнімдерін Францияға, Катарға және басқа да шет елдерге шығаруды жоспарлап отыр.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button