Басты ақпаратҚоғам

Мәселе айқаймен шешілмейді

Елорда әкімі Алтай Көлгінов кеше көпбалалы аналармен кездесті. Қала басшысы өзінің Instagram-дағы парақшасында осы кездесуден кейінгі пікірін білдірді.

«Бүгін тұрмысы төмен, мүгедек баласы бар, көпбалалы аналармен кездес­тім. Соңғы үш аптада күн сайын 20-30 көпбалалы ананы, өзге азаматтарды қабылдап жүрмін. Кездесуде алуан түрлі мәселелер көтеріледі. Мәселе өте көп, негізінен, баспана алу, сондай-ақ жұмысқа орналасу, медициналық қызмет көрсету, балаларды мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге қатысты болады. Осы аталған сұрақтарға орай мемлекет әртүрлі іс-шаралар қабылдауда. Қазір біз құзырлы министрлікпен бірлесе отырып, әрбір ананың әлеуметтік картасын жасап жатырмыз. Мәселелер рет-ретімен шешіледі» деп жазды әкім.
«Құрметті аналар! Мәселе көшеге шығып, айқайлаумен немесе дау-дамаймен шешілмейді. Әкімдік азаматтарды қабылдау кестесін бекітті. Менің ойымша, әр адамның мәселесін жеке сөйлесу арқылы шешеміз» деп қосты А.Көлгінов.
Ол сондай-ақ кездесуге келген әрбір көпбалалы ананың аты-жөнін, телефонының нөмірін жазып алғанын айтты. «Біз бұл кездесуге келген барлық адамдардың сөзін тыңдадық. Оларды дүйсенбіден бастап өзім жеке қабылдаймын. Жұрттың бәрін бір күнде қабылдап, сөзін тыңдау мүмкін емес. Сондықтан кестедегі тізімге сәйкес сіздермен жүздесеміз» деп аяқтады сөзін елорда әкімі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button