Әлеумет

Мемлекеттік қызметкерлерге жеңілдік жасала ма?

 Данияр Сүлейменов, мемлекеттік қызметкер:
– Тұрғын үй алуда мемлекеттік қызметкерлерге қандай жеңілдіктер қарастырылған?

Оқырман сұрағына Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың жауабын ұсынамыз.
Қазіргі уақытта агенттік Прези­дент әкімшілігінің қолдауымен мемлекеттік қызметшілерге баспана алуда, зейнетақы тағайындауда, балабақшадан орын алуда және өңірлердегі сауықтыруға жағдай жасау үшін жеңілдіктер беру шараларын әзірлеп жатыр. Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бас­тамасы, «7-20-25» бағдарламасы бар. Дегенмен, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен бірлесіп, пайыздық мөлшерлемені төмендетуге бағытталған «5-5-25» бағдарламасы жасалуда. Бұл тәсілдер мемлекеттік қызметкер үшін қолайлы болады.
Айта кетейік, 2019 жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы жаңа жүйемен төленіп, еңбекақының едәуір ұлғаятыны белгілі болды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button