ЖаңалықтарМәдениетТағзым

МҰХИТ ӘНДЕРІ – ЕЛОРДА ТӨРІНДЕ

23.10

23 қазанда «Астана» ұлттық сурет галереясы ғимаратында «Салмасам Айнамкөзге ән болмайды» атты Кіші жүзден ән оздырған атақты әнші, «Қазақтың баяны» атанған сал-сері Мұхит Мералыұлына арналған ән-күй кеші өтеді.

Кеште Астана қаласы әкімдігі мемле­кет­тік филармониясының «Сарыарқа» ұлт аспаптар ансамблі және халық ән бөлімінің әншілері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Қосанова, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері Нұрай Танабаев, республикалық және халық­аралық конкурстардың лауреаттары – Айзада Қазбекова, Үміт Саттарова, Жалғас Сұлтанов, Рахат Бегасылов және «Шалқы­ма» халық би ансамблі өнер көрсетеді.

Ансамбльдің көркемдік жетекшісі – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Хамзин.

Концертте ансамбльдің сүйемелдеуімен Мұхит Мералыұлының «Бейнем-ау», «Үлкен айдай», «Алуаш», «Зәуреш», «Айнамкөз», «Көкжар» әндері, сонымен қатар домбыраға арналған халыққа белгілі әуендер шырқалады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button