Руханият

МУЗЕЙДЕГІ БІР ТҮН

18 мамырда астаналықтар Халықаралық музей күніне орай «Музейдегі түн – 2016» акциясына қатыса алады. Осы күні ҚР Ұлттық музейінде сағат 18:00-01:00 аралығында еліміздің тарихы және мә­дениетімен таныстыратын барлық залдарға тегін экскурсиялар ұйымдастырылады.

ERA_5256

Сондай-ақ, музей кеші эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласады. Мерекелік шара лазерлік шоумен бітеді.
– Астанадағы музей түні осымен екінші рет өткізілмек. Өткен жылы дәл осы акцияға 23 мыңнан астам адам қатысты. Талғамы биік кө­рермендерге театрландырылған қойылымдар ұсынылады, сиқыр­шылар, иллюзионистер шебер­лік­терін ортаға салады. Астаналықтар үшін музейге кіру тегін болады, – деді ҚР Ұлттық музейдің қоғаммен байланыс бөлімінің қызметкері Дәурен Жұмабай.
Астанадағы С.Сейфуллин атын­дағы мемлекеттік мұражай да аталмыш акцияға қолдау көрсетеді. Сондай-ақ, «Атамекен» Қазақстан картасы» этномемориалдық кеше­нінде де аталып өтеді.
Бұл кеште концерттік бағдарлама ұйымдастырылады, ал түнге қарай, келушілерге жаңа макеттер таныстырылып, тегін экскурсиялар өткізіледі. Биыл картаға Павлодардағы бас пошта ғимараты, «Қазақфильм» киностудиясы және Алматыдағы Қ.Сәтпаев атындағы музей, Жар­кенттегі мешіт, Петропавлдағы С. Мұқанов атындағы музыкалық-драма театры және Тараздағы Қа­зақ хандығының 550 жылдығына арналған монумент қойылмақ.
Айта кетейік, бүгінгі таңда «Музейдегі түн» акциясын өткізу әлемнің 40-тан астам елінде дәстүрге айналған.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button