Басты ақпарат

Н. НАЗАРБАЕВ: БІЗДІҢ ҚАЗАҚСТАН – ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ!

 

941ce7fcc7f8ece26ea2bada16795ba9-slider

Кеше Тәуелсіздік сарайында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Оған мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен қатар, Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев, Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев, Түркия және Түркіменстан мемлекеттерінің өкілдері қатысты.

Жиында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы дамыған елдердің өздері үлкен экономикалық күйзеліске ұшыраған мынау алмағайып кезеңде Қазақ хандығының 550 жылдық тойы батыр бабаларымыздың биік рухына тағзым етіп, тарихтан тағылым алу мақсатында өткізіліп отырғандығын айтты.

«Бүгінгі той – ең алдымен, Қазақ хандығының 550 жылдық тойы. Қазақ хандығы кезеңі – ат жалында күн кешкен Алаш жұртының қаһармандық дәуірі. Ел билеген хандардың өмірі майдан шебінде өтті. Қазақтың алғашқы он төрт ханының жетеуі жорық жолында қаза тапты. Осынау ұлы бабалардың биік рухына барлық ұрпақ айрықша құрметпен бас иіп, ризашылығын білдіреді.

Біздің қасиетті жерімізді ықылым замандардан Ұлы дала деп, ал бабаларымызды Ұлы даланың ұрпақтары деп атаған. Біз – солардың жалғасымыз, Ұлы даланың мұрагерлеріміз. Осынау кең-байтақ Ұлы даланың көгінде халқымыздың бақ жұлдызы болып Жаңа Қазақстан дүниеге келді. Біздің Қазақстанымыз – ұлы істердің ұйытқысы болған Ұлы дала елі!» деді президент.

Салтанатты жиыннан соң, еліміздің әр облысынан келген өнерпаздар «Тәуелсіздік» сарайы алдында «Қазақстанның көне қалалары» тақырыбында бейнетаныстырылым көрсетті. Мереке одан әрі астаналық талантты бүлдіршіндердің концертіне ұласты.

Роза ӘРЕН

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button