Жаңалықтар

НАҚ-НАҚ

ТЕАТР КҮНІН ТОЙЛАДЫ

   Кеше Бейбітшілік және келісім сарайында Халықаралық театр күніне орай мерекелік концерт өткізіліп, шара барысында қаланың өнер майталмандарына құрмет көрсетілді.

Осы айтулы күнге байланысты театр өнерпаздарына қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов арнайы құттықтау жолдады. «Өнер саласының ішінде театр­дың алар орны қашанда бөлек. Көрермен көңілін нұрға, жүрегін жырға бөлейтін де, қоғамның рухына дем, ішкі жан дүниелеріне ем бере­тін де – театр өнері. Енде­ше, елорда халқының талға­мын тәр­биелеп, рухани байыта түсуге қызмет етіп келе жат­қан Астана қаласының театр ұжым­дарына еңбектеріңіз жана бер­сін демекпін» делінген Астана әкімінің құттықтау сөзінде.
Сонымен қатар, мерекелік кон­­церт барысында Астана қала­сында театр өнерінің дамуына сүбелі үлестерін қосып келе жат­қан бірқатар актерлер мен ұжым жетекшілеріне елорда әкімінің алғыс хаттары табыс етілді.

Жолаушылар жеңілдікпен жүреді

2013 жылдың 1 сәуірінен бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ жайлы да ыңғайлы «Тальго» жолаушылар пойыздарының «Гранд» және «Бизнес» класы вагондарына 20% жеңілдіктер енгізеді. 

Жеңілдіктер  №1/2 «Алматы–Астана» – «Тұлпар», 151/152 «Ал­маты–Петропавл» – «Жеті­су» жолау­шылар пойыздары­на,  сондай-ақ  №87/88 «Ақтөбе–Астана»–«Ақтөбе» пойызының «Турист» вагонында жол жүру­ге қарастырылған.

Астана әкімдігінің сайты жаңарды

Жыл басы –  наурыздан бастап Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсы жаңа қалыпқа көшті. Сайтты жасау­шылардың жетекшісі Талғат Серікұлының айтуынша, әкімдіктің бұл жолғы веб-өкілдігі фунционалдық тұрғыдан тұрғындарға да, халыққа да ыңғайлы. 

Мәселен, «Халықтық  бақы­лау»  қызметіне тұрғындар енді  арыз-шағымдарын жазбаша тү­сі­­ріп қана қой­май, мәселеге қа­тыс­­ты фото­айғақ қосып, тіпті «Ян­декс карта» арқылы мекен жайын да көрсете алады. Сайт әкім­шісі оны бірден құзіретті органға жөнел­теді. Жауапты ме­ке­ме­нің өкілі мәселені қанша күн­де шеше­тінін белгілейді,  орын­­дал­­ға­­сын қайтадан суретке тү­сіріп, нәти­жесін  жария­лайды. Мұ­ның бәрі­нен арыз, өтініш иесі пош­та арқы­лы хабардар етіліп отыр­мақ. Ең соңын­да өті­ніш иесі сайтқа кіріп, «қанша­­лықты тез жауап қатты?», «қаншалықты тез орын­­дады?», «қаншалықты сапа­лы орындады?» деген үш талап бойынша бағасын береді. Егер өтініш, арыз еленбесе, тұ­сы­на қызыл индикатор қойы­лады. Ал статистикасы қала әкімі­нің на­за­рына ұсы­нылып отырады.  Фо­то­ға түсі­ретіндей жағ­дай бол­маса, әлде ондайға сұра­нып тұр­маған мәселе болса, бала­ма ретінде «Виртуальды қа­был­­дау бөлмесі» атты айдар бар. Онда тұрғындар түрлі тұр­мыс түйт­­кіл­­деріне қатысты мә­се­ле­лерін жаза алады. Ал тұр­ғын үй, әлеуметтік нысандар құры­лысы, жер, коммуналдық қыз­мет­тер сынды көпшілікті маза­лай­тын, жиі қойылатын ор­тақ сауалдардың жауабы сайт­та дайын күйінде тұрады. Сайт­тың тағы бір жаңалығы – тір­келген қолданушы қаласа, ауа райы­ның жайсыздығына орай қаладан шығатын күре жол­дар­­дың жабылуы туралы, жол жөн­­деу учаскелері тура­лы, мек­теп­терде сабақтың бола­тын-бол­май­тындығы туралы, күнделікті мә­дени-көпшілік шаралар туралы электронды поштасына ақ­парат алып отыра алады.

Еркежан СӘТІМБЕК

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button