Жаңалықтар

НАҚ-НАҚ

Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты

20-26 маусым күндері аралығында Астанада ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионаты өтеді. Оған сары құрлықтағы үздік зілтеміршілер қатысатын болады.

Николь Шерзингер келеді

«Асқақтай бер, Астана!» түнгі би кеші жобасының қонағы – амери­ка­лық әнші Николь Шерзингер. Атақты әнші тыңдарман қауымға Pussycat Dolls тобының ең белді мүшесі ретінде танымал.

«Өзен әуендері»

Астана қаласының 15 жылдық мерейтойын мерекелеу қарсаңында елордада «Өзен әуендері» дәстүрлі классикалық музыка кеші өтеді. Дәстүр бойынша сахна Есіл өзенінің үстіне орнатылады. Музыка кешін симфониялық музыка шеберлері ашады.

Велошабандоздар шеруі

Астанада «Джиро д’Италия» көп­күн­дігінде жеңіске жеткен «Астана» велоклубының құрметіне әуес­қой­ велошеру ұйымдастырылды. Шарада «Астана» командасының мүше­лері әуесқой велошабандоздар­мен бірге естелік суретке түсіп, қол­таң­ба­ларын таратты.

«Шуақты қала»

Астана қаласының 15 жылдық мерейтойы қарсаңында «Қазақ елі» монументі алдындағы алаңда «Шуақты қала» халықтық серуені өтеді. Онда балалар «Шытырман», «Құзар шың», «Тайғанақ футбол», «Гладиаторлық шайқастар» және басқа да түрлі аттракциондардың қызығына батады.

Кеше…

№1 Балалар үйінің мектеп­ біті­ру­шілеріне арналған «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық шарасы өтті.

Бүгін…

Есіл ауданында «Балалар – біздің болашағымыз!» атты ұлттық спорт жарыстары жалауын көтереді.

Ертең…

Тәуелсіздік сарайында IV Халық­ара­лық кен-металлургия конгресі ашылады.

Сансөйлем

Астана қаласы бойынша 2013 жылдың бірінші тоқсанында ден­сау­лық сақтау және әлеуметтік қызметтермен көрсетілген негізгі қызмет түрлері бойынша қыз­мет­тер­дің көлемі 19189224,0 мың теңгені құрады.

Еркежан СӘТІМБЕК

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button