Жаңалықтар

НАҚ-НАҚ

ӘЗЕРИЛЕРДІҢ ОПЕРА ЖАУҺАРЫН ТАМАШАЛАДЫ

Кеше Қазақ ұлттық өнер университетінің орган залында «Аршин мал алан» музыкалық-комедиялық опереттасы қойылды. Елімізде тұңғыш сахналанған опералық қойылым ТҮРКСОЙ-дың 20 жылдығына, туындының жазылғанына 100 жыл толуына және авторы, әзербайжан драматургы Узеира Гаджибейлидің туғанына 125 жыл толуына арналды.

Шара барысында сөз алған Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов:

–Жақында Қазақстан мен Әзербайжан президенттері кездесу барысында түркітілдес елдер арасындағы ынтымақтастықтың біраз жайы талқыланды. Оның ішінде ТҮРКСОЙ-дың 20 жылдығын атап өту мәселесі де қозғалды. Таяуда Баку көрермендеріне композитор Еркеғали Рахмадиевтың «Алпамыс» операсы ұсынылды. Бүгін, міне, әзерилердің ұлттық операсының жауһарын тамашалағалы отырмыз, – деді. Сондай-ақ, Әзербайжанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Закир Гашимов құттықтауын жеткізді. Ақын Аманжол Әлтаев меймандарға жырдан шашу шашты.

«Аршин мал алан» – Узеира Гаджибейлидің туындыларының ішіндегі ең үздік және кең танылған музыкалық комедиясы. Тоқсан бес жылдан бері көрермен көзайымына айналған қойылым әзербайжанның классикалық музыкасының алтын қорына енген. Ал, авторы бүкіл әлемдегі көрнекті, талантты композиторлардың қатарынан орын алды.

Қазақ ұлттық өнер университетінде өткен қойылымда Агаверди Пашаев, Алик Усубак, Есин Талинли, Азер Зейналов, Мехсети Джаварова, Надир Хасиев, Елваз Муталлимов, Аманулла Ибадуллаев сынды әзербайжан, түрік әртістерімен бірге еліміздегі Тәттімбет атындағы академиялық оркестр да өнер көрсетті.

Қытайдағы донор қазақ жігіті

Қазақстанға сапармен келген ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Назарбаев Университетінде Хайнань университетінің үшінші курсында оқитын қазақ студентінің үлгілі әрекетін қазақ және қытай достығының дәнекері ретінде атап өткен еді.

21 жастағы Руслан Төленов – Атыраудың тумасы. Ол бес жыл бұрын Хайнань аралдарына барып, екі жыл қытай тілін меңгерген. Кейін Хайнань университетіне әкімшілік басқару мамандығына оқуға түседі. Руслан 2009 жылдан бастап адамдарға көмектесу үшін қан тапсырып келе жатқан донор екен. Бір қызығы, оның қаны теріс резус-факторлы. Қытайда бұл өте сирек кездесетіндіктен, ондай донорды жойылып бара жатқан пандамен теңестіретін болып шыққан.

Сансөйлем

22513

Есіл өзенінде биылғы жылдың бес айында осыншама серуендеуші тасымалданды.

Кеше…

№12 көпшілік кітапханада Оралхан Бөкейдің 70 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Бүгін…

Бейбітшілік және келісім сарайында «Жерұйық» рок-операсының премьерасы өтті.

Ертең…

«Күз сыйы» көрмесі жабылады

Таңатар ТӨЛЕУҒАЛИЕВ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button