Жаңалықтар

Нәтижелі ынтымақтастыққа дайын

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Біріккен Араб Әмірліктерінен келген делегациямен кездесті. Тараптар білім, мәдениет, инновация, инвестиция салаларындағы өзара ынтымақтастықтың басты бағыттарын талқылап, туризм мен қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу мәселесіне жіті тоқталды.Елорда әкімі Алтай ­Көлгінов елордада ағылшын құқығына негізделген инвес­торларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған «Астана» ха­лықаралық қаржы орталығының табысты жұмыс істеп жатқанына тоқталып, АХҚО-дағы экспат-орталығының жұмысы туралы айтты. Экспат орталықта шетелдік инвесторларға ағылшын тілінде мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. БАӘ-нің ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мохаммад Ахмад Альджабер және Шаржы атқарушы кеңесінің мүшесі шейх Фахим бен Сұлтан Аль-Касими көптеген салаларда нәтижелі ынтымақтас­тыққа дайын екендерін атап өтті.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button