Sport

Нұр-Сұлтанда аралас жекпе-жектен M-1 Challenge 102 турнирі өтті

28 маусым күні Нұр-Сұлтанда «Барыс-Арена» көпфункционалды спорт кешенінде аралас жекпе-жектен M-1 Challenge 102  турнирі өтті.

M-1 Challenge 102 турнирі 13 жекпе-жектен тұрды, олардың үшеуі титулдық.

Бірінші титулдық жекпе-жекте M-1 Challenge чемпионы Шавкат Рахмонов Бразилиядан келген Тьяго Варежао Ласердуді жеңіп, жартылай орта салмақта атағын қорғап қалды.

Кездесу бірінші раундта аяқталды.

Осылайша, 24 жасар қазақстандық кәсіби мансабындағы12-ші жекпе-жегінде 12-ші жеңісіне қол жеткізді. Рахмонов барлық жекпе-жектерінде мерзімінен бұрын жеңіске жеткен. Ал 29 жасар бразилялық мансабында жетінші рет жеңіліс тапты.

Екінші жеңіл салмақтағы белбеу үшін қазақстандық Сергей Морозов пен ресейлік Александр Осетров жұдырықтасты. Жерлесіміз айқын жеңіске жетіп, жеңіл салмақтағы M-1 Challenge чемпионы атанды.

Жекпе-жек төртінші раундта аяқталды. 30 жасар Морозов үшін бұл жеңіс мансабындағы 16-шысы болды, ал 22 жасар ресейлік бірінші жеңіліске ұшырады.

Сондай-ақ, Алматы жедел-жәрдем жүргізушісін соққықа жыққан азаматты жекпе-жекке шақырған Сәбит Жүсіпов M-1 Challenge турниріне қатысып, қарсыласын үшінші раундта нокаутқа жіберді. Оның қарсыласы испаниялық Аридана Ромеро болды.

«Жарақатым барлығын жүз пайыз істеуге мүмкіндік бермеді. Сонда да көп тактикалық жұмыс істедім деп ойлаймын. Жекпе-жек қаншалықты дәрежеге жоспарланды, соны орындап шықтым, – дейді Сәбит Жүсіпов

Сондай-ақ, Исмайыл Героев, Гойти Дазаев, Исатай Теміров сынды спортшыларымыз жеңіске жетті.

77,1 салмақта сынға түсіп, жеңіске жеткен Исатай Теміров гонорарынан түскен жарты ақшасын Арыстықтарға көмек ретінде беретінін айтты.

Турнирге құрметті қонақтар да келіп, спортшыларымызға жанкүйер болды. Олардың қатарында  ҚР Мәдениет және спорт министрі Райымқұлова Ақтоты, Қазақстанның жауынгерлік өнер Ассоциациясы Президенті Кәрім Мәсімовмов, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы Серік Сапиев, ММА біріккен Ассоциациясы Президенті Ғалымжан Есенов, белгілі кәсіпкер Айдын Рахымбаев және тағы басқа қонақтар келді. Турнир Қазақстанның жауынгерлік өнер Ассоциациясы қолдауымен өтті.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button