Басты ақпаратМәдениет

Көшпенділер әлемінің көріністері

Елордада «Көшпенділер әлемі» атты IV халықаралық фестиваль болып өтті.

Жыл санап аталған маңызды шараның беделі артып келеді. Былтыр фестивальға әлемнің 8 елінен 90 қатысушы келсе, биыл 10 мемлекеттен 180 қонақ ат басын тіреді. «Kazakh Тourism» АҚ төрағасының орынбасары Тимур Дүйсенғалиевтың айтуынша, айтулы шараның мақсаты астанамыздың дамыған бүгінгі келбетін ғана емес, сан ғасырлар бойы қалыптасқан бай мәдениетіміз бен тарихи мұрамызды көрсету дейді.
«Фестивальді дәстүрлі мерекеге айналдыру туристік саланы ғана емес, қомақты табыс әкелу тұрғысынан да тиімді. Бұл еліміздегі шаһарлар мен аймақтардағы өндірістердің қосымша дамуына себі тиеді» деді ол.
Шара барысында көшпенділер әлемінің көріністері келушілерді таңғалдырмай қоймады. Олар қолөнершілердің өздері жасаған бұйымдарын көріп, садақшылардың жебе атудағы мергендігіне тәнті болды. Семсерлесу сайысының да көрігі қызып, сом білекті жігіттер қазақ күресінің жалауын көтерді. Алыстан келген қонақтар ұлттық тағамнан дәм татты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button