#Жаңа Қазақстан

Өңір қалай дамиды?

Amanat республикалық сайлауалды штабы мүшелерінің өңірлердегі сайлаушылармен кездесуі жалғасуда. Алматы облысының 200-ге тарта тұрғыны қатысқан кездесу Қонаев қаласындағы Мәдениет үйінде өтті.

– Бұл сайлауда Amanat партиясынан үміткерлердің тізімі 75 пайызға жаңарды. Қатарымызда нақты бір аймақтың ерекшелігін жақсы білетін және түрлі салада қызмет етіп жүрген беделді азаматтар бар. Партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы – бүге-шігесіне дейін есептелген және жүзеге асатын құжат. Яғни біз тыңғылықты дайындалдық және халықпен бірге алға қойған мақсатқа қол жеткізетінімізге сенімдіміз, – деді Amanat төрағасы Ерлан Қошанов.

Ол Алматы облысы халқының 85 пайызы ауылдық жерде тұратынын атап өтті. Сондықтан партия Үкіметпен бірлесіп, іске қосқан «Ауыл аманаты» жобасы олар үшін өзекті. Жобаны жүзеге асыруға 1 триллион теңге қарастырылған. Ауыл тұрғындарына мал өсіруге, өз ісін ашуға жылдық 2,5 пайызбен несие беріледі.

Қарапайым ауыл тұрғындары үшін жайылым мәселесі өткір күйінде қалып отыр. Осыған байланысты партия жанынан «Жер аманаты» комиссиясы жұмыс істейді. Өткен жылы комиссияның араласуымен пайдаланылмай жатқан 5 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Биыл тағы 5 млн гектар жерді қайтару жоспарланып отыр. Өңірде жастар арасындағы жұмыссыздық, мектеп пен денсаулық сақтау нысандарының тапшылығы сияқты басқа да маңызды мәселелер бар. Алдағы бес жылда партия өңірде кемінде 175 мың жұмыс орнын ашуға, 63 мектеп пен 58 денсаулық сақтау нысанын салуға ықпал етпек.

Сонымен қатар партияның сайлауалды бағдарламасында шалғайдағы және шекаралас елді мекендерді дамытуға ерекше назар аударылды. Мысалы, Алматы облысындағы таулы аудандардың тұрғындарын газдандыру мәселесі толғандырады. Оны шешу үшін партия 147 елді мекенді қамтитын «Шелек-Кеген» магистралдық газ құбырының құрылысын жүргізуге ықпал етеді.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button