Білім

Ойын арқылы дамиды

Елордалық №2 «Батыр» балабақшасында «Ойын қызметі арқылы ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен түзету-дамытушылық жұмыс» тақырыбында қалалық семинар офлайн түрде өтті.

[smartslider3 slider=865]

Семинарға ерекше білім беру бөлімінің маманы, білім беруді жаңғыр­ту орталығының әдіскерлері, ПМПК мамандары, менеджмент және бизнес колледжі басшысының орынбасары, №26 мектеп-гимназиясының, №61 орта мектебінің директорлары, аудан бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың кураторлары, логопед-дефектолог мамандары, мектепке дейінгі ұйымның педагогтары, арнайы білім беру педагогтары және Білім басқармасы мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің басшысы Айгүл Қайратқызы қатысты.

Іс-шара барысында «Пайдалы дәрумендер», «Орман дүкеніне саяхат», «Күзгі орманға саяхат» тақырыптарында кіріктірілген оқу қызметтері көрсетілді. Онда тәрбиеленушілер өз білімдерін, біліктері мен дағдыларын, ал педагогтар өздерінің кәсіби шеберлігін көрсетті.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button