Мәдениет

Өмір көрінісінің тамыршысы

Тәуелсіздік сарайында қостанайлық суретші Вадим Быковтың «Қас-қағым сәт, аялда, сен ғажапсың!» атты көрмесі ашылды. Көрмеге қылқалам шеберінің 50-ден аса кескіндеме және графикалық туындылары қойылды.

Вадим Быков түрлі жанрда жұмыс істейді. Мәселен, оның салған портреттері мен пейзаждары да қанық ­бояуымен көз тартады. Ол картиналарында көркем құралдарды еркін пайдаланады. Әсіресе, табиғатты бейнелеуге шебер. Оның әлемдегі құбылыстарды қабылдауы да өзгеше. Қас-қағым сәттегі өмір көрінісін тамыршыдай тап басады.
Ол – Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, көптеген облыстық және республикалық көрмелерге қатысқан. Қостанай меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының лауреаты. Оның шығармалары «Қазақстанның бейнелеу өнері» кітабы мен бес томдық «Қазақ өнері» жинағы және екі томдық «Қазақстанның кескіндеме өнері» басылымына енген. Айтпақшы, көрме 25 мамырға дейін жалғасады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button